• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қыркүйек, 2024

Декларацияны «eGov» арқылы тапсыруға болады

63 рет
көрсетілді

Апта соңында кірістер мен мүлік туралы электрондық декларация­ларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қыз­метшілер, оларға теңестірілген қызметкерлер, бюд­жеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұ­байы­ның кірісі мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) «eGov.kz» порталының көмегімен ұсынуға мүмкіндік бар.

270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация­ны азаматтар активтер мен мін­дет­темелер туралы «кіріс» декла­рациясын (250.00-нысан) тап­сырғаннан кейін ғана ұсына ала­ды. 270.00 декларациясында төлем көзінен са­лық салынатын кірістер, сондай-ақ шетелде мүліктің болуы (жыл­жы­майтын мүлік, көлік, шетел­дік компаниядағы үлес, баға­лы қағаз, цифрлық актив, инвес­тициялық алтын, туынды қаржы құралдары және тұрғын үй құ­ры­лысына қатысу үлесі) көрсе­тілуі қажет.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация­ны қа­был­дау қызметі «eGov.kz» пор­та­лында «Азаматтарға», «Кеден және са­лықтар», «Салық салу» бөлімінде қолжетімді.

Сондай-ақ декларацияны­ «kgd.gov.kz» порталында, «eSalyq Аzamat» мобильді қо­сым­­­ша­сында «Салық төлеу­ші­нің кабинеті» арқылы ұсынуға бо­лады.