• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қыркүйек, 2024

Садыр Жапаров Олимпиадада қырғыз боксшысына көмектескен өзбек бапкеріне көлік сыйлады

76 рет
көрсетілді

26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өткен жазғы олимпиадада шынайы эмоцияғы толы оқиғалар көп болды. Соның бірі өзбекстандық ассистент бапкер Акмал Хасановтың жетелеуімен қырғыз боксшысы Мунарбек Сейтбектің финалға шығуы, деп жазады Egemen.kz.

 Қырғызстан елінінен бокстан 57 келіде Мунарбек Сейтбек қана Париж шаршы алаңында жұдырықтасу мүмкіндігін жеңіп алған еді. Қырғыз тарапы боксшыны жеке бапкерінсіз, бас бапкермен ғана төрт жылдықтың басты бәсекесіне аттандырған болатын. 

Сондықтан алғашқы жекпе-жектерінде Мунарбек Сейтбектің секунданты қызметін өзбек бапкері Акмал Хасанов атқарды. 

Қырғыз боксшысы 1/8 финалда кубалық Сайтел Хортаны қапы қалдырса, кейінгі кездесуінде АҚШ былғары қолғап шебері Жамал Харвиден айласын асырды. Ал жартылай финалда болгария үміті Хавьер Ибаньес Диаздан басым түсіп финалға жетті. Осы бәсекелерде оған өзбек бапкері ақыл-кеңесін аямады. 

Сондықтан Акмал Хасановтың еңбегін Қырғызстан Президенті бағалап, су жаңа көлік сыйлады. 

Мараппаттау рәсімінде Садыр Жапаров Орта Азия халықтарының бірлігін әлемге әйгілеген өзбек бапкеріне алғыс айтты.

Бұған дейін қырғыз тарапы Акмал Хасановты «Шыңғыс Айтматов» атындағы төсбелгімен марапаттаған еді. 

Айта кетейік, Мунарбек Сейтбек алтын үшін айқаста өзбек боксшысы Абдумалик Халоковқа есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.