• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.02
  • EUR:
    545.19
Басты сайтқа өту
Білім 12 Қыркүйек, 2024

Колледждер жанынан кәсіпорын құрылады

77 рет
көрсетілді

Елімізде колледждер базасында шағын кәсіпорындар құрылып жатыр. Аталған кәсіпорындар студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында ашылмақ.

Осы арқылы енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады. Студенттер жиһаз жасау, тігін тігу, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін пісіру секілді кәсіптерді игере отырып, оны кіріс көзіне айналдыру дағдыларын да меңгереді.

Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Әсет Мұхан­бетов мәселеге қатысты: «Бұл кәсіпорындар студенттерге түр­лі кәсіби дағдыны игеруге, оның ішінде коммуникация құру­ға, жобалар­ды басқаруға, мар­­кетинг және қаржы бойынша білім алуға, олар­дың алған білімін іс жүзін­де қол­да­нуға мүмкіндік береді. Шағын кә­сіп­орындар есебінен түскен қара­жат оқу орындарының мате­риал­дық-техникалық базасын ны­ғай­туға жұмсалады, бұл олар­дың да­муына және білім беру сапа­сын арт­ты­руға ықпал етеді», деп атап өтті.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіп­тік білім ұйымдары база­сын­да 26 ша­ғын кәсіпорын жұмыс іс­тей­ді. Жыл соңына дейін тағы ­14 жа­ңа кәсіп­орын ашу жос­пар­ланып отыр.