Алматыда ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері халықаралық желіде интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыскерлер тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша 4 жерден call-орталық ашқан интернет алаяқтар Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарын құрыққа түсіріп, оларға жалған инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған.
« Төрт қылмыс ошағынан 52 қылмыскер ұсталды. Олардың арасында 47 шетел азаматы, 5 Қазақстан азаматы бар. Алаяқтар шетелдіктерге 2 мыңнан астам қоңырау шалған. Тінту кезінде 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта табылды. Олардың ел азаматтарына қатысты қаншалықты интернет-алаяқтық жасағандары тексеріліп жатыр», делінген хабарламада.