Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, қазақ боксшысы 19 қазанда Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтетін бокс кеші аясында рингке оралуды жоспарлап отыр.
«Бұйырса 4 белбеуді жинаймыз! Екі белбеу қолда, екеуі жолда», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.