• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қылмыс 12 Қыркүйек, 2024

700 мың теңге айыппұл: Қарағанды ферроқорыту зауытының ісі сотта қаралды

83 рет
көрсетілді

2024 жылдың 20 шілдесінде «YDD CORPORATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ферроқорытпа зауытында қайғылы оқиға болып, төрт адам өмірден өткен еді. Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында осы оқиғаға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында зауыт өкілдерінің сегіз адам зардап шеккен оқиға орнына құтқарушыларды өткізбегені белгілі болған. Серіктестіктің сенімді өкілдері болған жағдай туралы ақпаратты дер кезінде айтпай, ТЖД қызметкерлерін жарты сағаттан астам уақыт зауыт аумағына кіргізбеген.

«Осы факті бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды. Сотта серіктестіктің өкілі тағылған айыпты мойындамады, «YDD CORPORATION» ЖШС-нің кінәлі екендігі айғақтармен расталды», деп мәлімдеді Қарағанды қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сотта аталған серіктестік ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы баптың санкция шегінде 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.