• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 13 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Дауысқа қарап, диагноз қояды

70 рет
көрсетілді

Америкалық ғалымдар науқастың дауысы арқылы гипертонияның алғашқы белгілерін дәл анықтайтын жасанды интеллект үлгісін жасап шығарды.

Олар жоғары қан қысымын диагнос­тикалауға жүздеген вокалды биомаркерді қолданған. Технологияның тиімділігін байқау мақсатында зерттеушілер 245 ем­делушіге тәжірибе жасаған. Ма­ман­дар екі апта бойы қатысушылардың дауы­сын 6 мәрте жазып, бақылауда ұстаған. Нәтижесінде, нейрожелі әйелдердің 84%-ы мен ерлердің 77%-ында жоғары қан қысымын дәл анықтауға қабілетті болып шықты. Жоба авторларының айтуынша, инновация гипертониядан бөлек, қант диабеті ауруларын да диагностикалай алады.

 

Жаһандық жәрмеңке

Қытайдың Фуцзянь провинциясында 24-халықаралық инвестиция және сауда көрмесі өтіп жатыр. 120 мың шаршы метрді алып жатқан технологиялық алаңды тамашалауға әлемнің 119 елінен іскер азаматтар мен саяхатшылар келген.

Сямыньдағы бұл жәрмеңке жасанды интеллект, гуманоидты робот, бұлттық есептеу және интернеттік құрылғылар сала­сындағы соңғы технологиялық жетіс­тіктерге арналған. Онда 80-нен астам инновация қойылған. Әсіресе адам тәрізді құлтемірлер келушілерді түрлі қимылымен таңғал­дырды. Мәсе­лен, секундына 3,3 метр жыл­дамдықпен қозғалатын робот денсаулыққа қауіпті орындарда адамның орнына қызмет етеді. Ал жасанды интеллектіге негізделген роботтар шынайы сөйлей алады. Тіпті егде кісілердің жанына серік болып, сырласатын қабілетке ие.

 

Құрақ көрпе рекорды

Астанада өтіп жатқан дүниежүз­ілік көшпелілер ойындары қарса­ңында еліміздің қолөнершілері 450 құрақ көрпе тігіп, Гиннесс рекордын жаңартты.

Ұйымдастырушылардың бірі Нұргүл Абайханның айтуынша, 19 облыстан 450 құрақшы келген. Олардың арасында 8 жастан 85 жасқа дейінгі шеберлер бар. «Былтыр 200 құрақшы Гиннесс кітабына ендік. Биыл өз рекордымызды жаңартып жатырмыз. Дайындықты 2024 жылдың қаңтарында бастадық. V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтетінін естіп, өз үлесімізді қосқымыз келді. Басты мақ­сатымыз – қазақтың ауызбірлігін көрсету. 450 көрпешенің бәрі бірдей, егіз көрпедей. Бір техника, бір өлшеммен тігілген. Жайылған кезде үлкен кілем тәрізді болады», дейді ол.