• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 13 Қыркүйек, 2024

«Отбасым – мақтанышым» акциясына 1 миллионнан астам ата-ана қатысады

151 рет
көрсетілді

12-16 қыркүйек аралығында еліміздің мектептерінде отбасылық құндылықтарды қолдау, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Отбасым – мақтанышым» тақырыбында кең ауқымды акция басталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық құндылығымыздың өзегі болып табылатын отбасылық дәстүрлерді дәріптеуге арналған акцияға 1 миллионнан астам ата-ана қатысады деген болжам бар. Жоба аясында 10 мыңнан астам ауқымды іс-шара өткізіледі.

Акцияның мақсаты  балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту және балалардың үйлесімді дамуы үшін білім беру мекемелерінде қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.

«Бір апта ішінде еліміздің білім беру мекемелері шығармашылық конкурстар, шеберлік сыныптарын, отбасылық тақырыптық ойындар және тағы басқа ауқымды іс-шаралар бағдарламасын ұйымдастырады. Мектеп психологтары мен педагогтер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасын жақсарту үшін интерактивті тренингтер өткізеді. Акция отбасылық және ұлттық дәстүрлерге арналған мерекелік бағдарламамен қорытындыланады», деді «Өркен» БӘАҰҒПИ-ның бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

Айта кетейік, «Отбасым – мақтанышым» акциясы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған мектептердегі ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының ұйымдастыруымен өткізіледі.