• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қыркүйек, 2024

Ақтөбеде заңсыз шаян аулаған екі азамат ұсталды

87 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған екі азамат ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп Ырғыз өзенінде рейдтік іс-шараларды жүргізген. Шара барысында шаяндарды заңсыз аулаған екі азамат ұсталған.

Хабарланғандай, күдіктілерден мыңнан астам шаян, резеңке қайық, төрт шаян аулауға арналған құрал тәркіленген.Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Аталған факті бойынша келтірілген залал анықталып жатыр.