«Бурабай» МҰТП зоологы Салтанат Балташева Қатаркөл орманшылығында ерекше фотокадр жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салтанат Балташева бақаның көкте самғаған шағаланың аузынан сытылып шығып, төмен құлдилағанын түсіріп алған.
«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәліметінше фаунада құстың 220 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енген 16 түрі бар. Сонымен қатар қосмекенділердің 2 түрі кездеседі: өткір жүзді бақа және шығыстың жасыл бақасы. Сондай-ақ бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Ал аталған табиғи парктің су қоймаларында балықтардың 16 түрі, сүтқоректілердің 48 түрі, жәндіктердің 179 түрі мекендейді.