• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 12:30

Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді

141 рет
көрсетілді

Қазақстанға 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында  566,5 мың шетелдік турист келген. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 50,7 мың адамға көп, яғни былтыр елге 515,8 мың шетелдік келген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді.

Саяхатшылардың ең көбі Ресей Федерациясынан келген – 186,1 мың адам. Қытайлық туристер екінші орында – 69 918 адам. Үшінші орында Үндістаннан келген туристер (53 695 адам) тұр Үздік бестікке Түркия (30 312) және АҚШ (19 597) саяхатшылары кірген.

«Әсіресе Үндістан, Түркия және АҚШ сияқты елдерден келетін шетелдік туристер санының артуы Қазақстанның әлемдік туристік картадағы тартымды бағытқа айналып келе жатқанын аңғартады. Біз туризм инфрақұрылымын дамытып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз», деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Соңғы жаңалықтар