• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Зерде Бүгін, 15:28

7 сынып оқушысы А.Байтұрсынұлы туралы мобильді қосымша жасап шығарды

68 рет
көрсетілді

Мобильді қосымшаны Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Даниял Құрманғали жасап шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ахмет Байтұрсынұлы туралы ақпараттар интернет кеңістікте шашыраңқы ұшырасады. Жас талант сол әртүрлі дереккөздердегі барлық мәліметтерді жүйелеп, ыңғайлы платформада ұсыну үшін мобильді қосымшаны жасап, Play Market интернет дүкеніне жүктеген.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше қосымшаның бөлімдерінде ұлт ұстазының өмірбаяны, шығармалары, нақыл сөздері, өлеңдері ғылыми еңбектері топтастырылған және тест бөлімі де бар, тест – пайдаланушыларға білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Қосымшаның мазмұны – суреттер, бейнежазбалар және сыртқы сілтемелер арқылы да байытылған.

«Мақсатым – қазақ тілді мобильді қосымшаларды көбейтіп, ана тілімізде цифрлық өнімдер жасаудың маңыздылығын арттыру», деген талантты оқушы аталған жобасын жетекшісі Ербол Медеуовпен бірге жүзеге асырған. 

Даниял Құрманғали алдағы уақытта басқа да ұлы тұлғаларға арналған қосымшалар әзірлеуді жоспарына алған.  

Соңғы жаңалықтар