• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 15:34

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

58 рет
көрсетілді

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, байқауға 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар ел азаматтары қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

«Әдебиет»; «Ғылым»; «Дизайн және бейнелеу өнері»; «Журналистика»; «Классикалық музыка»; «Креативті бастамалар»; «Спорт»; «Театр және кино»; «Эстрада»; «Халық шығармашылығы».

Үміткерлерді «Дарын» жастар сыйлығына мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады. Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.Еске сала кетейік, жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі. «Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленген.Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс нөмірлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.Толығырақ мына сілтемеден көруге болады. 

Соңғы жаңалықтар