Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
No Limit Boxing промоутерлік компаниясы чемпиондық жекпе-жек туралы ресми хабарлады. Отандасымыз (15-0, 10 КО) 4 қазан күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) Сиднейде күш сынасады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен болатын.