• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Білім 20 Қыркүйек, 2024

Мектеп асханалары тексеріледі

123 рет
көрсетілді

Алматыда мектеп асханаларындағы тамақтану сапасын бақылайтын комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ыстық тамақ ұйым­дастыру мен санитарлық нормаларды сақтау бойынша топ құру туралы бұйрықтың бекітілгенін мәлімдеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс күшейтіледі.

Комиссияны қала әкімінің орын­басары, депутаттар, санитар­лық эпидемиологтар, медицина ма­мандары және ата-аналар ­қо­ғам­­дастығының өкілдері кірген ве­домст­воаралық сараптама тобы бас­қарады.

Биылғы оқу жылында жаңа мәзір ұсынылып, асханаларда та­ғам қауіпсіздігіне баға беріл­мек. Қазіргі таңда 328 мектеп бақы­лауда тұр. Мектептердің 322-сі ыстық тамақпен қамтылған болса, олардың 133 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтарға жатады.

Қалалық санитариялық-эпи­демиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, бүгінгі күні 328 мектеп бақылауға алынған, оның 322-сінде ыстық тамақ үлестіріліп, қалғаны буфет жүйесімен жұмыс істеп жатыр.

– Бүгінде жеке кәсіпкерлерге жалға берілген мемлекеттік мек­теп­тегі асханалар саны – 215. Білім бас­қар­масының мәліметінше, қазіргі кезде 54 мектептің асханасын жалға алушылар ауыс­қан. Олар өздеріне қатысты санитар­лық-эпидемиялық қоры­тын­дыны уақытында алып отыруға тиіс, – деді департамент басшысы Қасым­хан Алпысбайұлы.

Қазақ тамақтану акаде­мия­сының мектептегі тамақтану жөнін­дегі маманы Вероника Улива­но­ва­ның айтуынша, асханалардың өн­дірістік жағдайы санитарлық-ги­гие­налық нормаларға сәйкес­ті­гі­мен қатар, тамақ өнімдеріне мик­ро­­­­биологиялық зерттеулер де жүр­гі­зілуі қажет.

Бұған дейін мәлім бол­ға­нын­дай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің мәлі­метінше, Алматыда мектеп асханаларын жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, оның нарықтағы бағадан 4 есе қым­баттығы анық­тал­ған. Жауап­ты тұлғалар мем­ле­кеттік сатып алу арқылы, осылай­ша, ақша жымқыруға көшкен. Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мониторинг бас­қар­ма­сының аға офицері Әлі­шер Құмар­бековтің айтуынша, қазір бұл лоттарға тосқауыл қойы­лып, тендер тоқтатылған. Анық­тал­ғанын­дай, әр мектептің асханасын жөндеуге 70-79 миллион теңге көлемінде жұмсамақ болған. Тал­дау барысында мұндай қыз­мет­тер­дің нарықтық бағасы 20 млн тең­генің көлемінде екені белгілі бо­лып отыр. Жыл басынан бері бұл бағытта 71 млн теңгеден ас­там қаражат үнемделді. Соңғы 4 жыл­­да 170 млн теңгенің заңсыз жұ­м­­салуына тосқауыл қойыл­ған. Жауап­тылар техника мен жаб­дық­тар, жанар-жағармай, кең­се та­уарлары, құрылыс жұмыс­та­рына бағаны заңсыз көтеріп отырған.

 

АЛМАТЫ