• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 19 Қыркүйек, 2024

Лондонға барған тәлімгер

30 рет
көрсетілді

Жиырмадан астам ағылшын тілінің мұғалімі мен сала басшылары британиялық әріптестерімен кездесіп, үздіксіз кәсіби даму жүйесінің озық үлгілерімен танысты.

Қазақ-Британ үкіметаралық комиссия отырысында ағыл­шын тілі пәнін тиімді оқыту мәселелері айтылған еді. Арнайы құрылған жұмыс тобы ғылыми зерттеулер жүргізіп, ұсыныстар білдірді. Со­лар­­дың бірі – еліміздегі мұға­лім­дердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін озық британиялық әдіс­те­ме­мен тереңірек танысу жобасы болды.

«Әріптестеріміздің тәжіри­бе­лері, әрине, әлемге танылып жатыр. Жаңа ақпаратты осы кісілерден алып, өзіміздегі мәселелерді тиімді шешу үшін осында келіп отырмыз», деді Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.

Жиырма екі адамнан тұратын делегация құрамында жоғары оқу орындарының басшыларынан бастап, ауыл мұғалімдеріне дейін бар. Шақырушы тарап – Ұлыбритания халықаралық сау­да департаменті және Британ кеңесі. Олар үздіксіз кәсіби даму жүйесі бойынша панельдік пікірталастар өткізіп, мектептер мен университеттер­ге сапарлар ұйымдастырды.

«Ұлыбритания мұғалімдер дайындауда өте қатаң әлемдік стандарттарды ұстанады. Біз үздіксіз кәсіби даму мәселесіне ерекше мән береміз. Осы білі­мі­мізді қазақстандық әріп­тес­те­рі­мізбен бөлісуге дайынбыз», деді Лондон университеті, Ком­му­никация және қоғам мектебінің басшысы Ливия Матэй.

Сапар барысында мұғалім­дерді сертификаттау, олар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және мектеп басшылары мен әдіскерлерді қолдау мәселелері де басты назарда болды. Үздіксіз кәсіби дамудың тиімді жолдарын үйрену үшін отандық педагогтер британиялық әріптестерімен тығыз байланыс орнатты.