• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қыркүйек, 2024

Жоғары сот кеңесі төрағасын тағайындауға келісім берді

23 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Президенттің Жоғары сот кеңесінің төрағасын тағайындауына келісім беру мәселесін қарады.

Конституцияға сәйкес, Пре­зи­денттің Жоғары сот кеңесі төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Мемлекет басшысының Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметіне Дмитрий Малаховты тағайындауға келісім беру мәселесіне қатысты ұсынуын Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев оқып берді.

Сенаттың Конституциялық заңна­ма, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, Мем­лекет басшысы ұсынған кандидатура комитет отырысында алдын ала қа­ралып, талқыланды. Соның нәти­жес­інде Сенатқа аталған кандидатураны қолдауды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Сенат отырысында депутаттар Мемлекет басшысының Жоғары сот кеңесі төрағасы қыз­метіне Дмитрий Малаховты тағайын­дауына келісім беру туралы шешім қабылдады.