• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қыркүйек, 2024

Астанада есірткі зертханасы анықталды

122 рет
көрсетілді

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала прокуратурасының мәліметінше, сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталған. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге тұратын жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырғаны белгілі болды.

Анықталғандай, кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.

«Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды. Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.