• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Инвестиция 21 Қыркүйек, 2024

Екіжақты келісім – елдің қамы

222 рет
көрсетілді

Кейінгі 7 айда Жетісу облысына 188,2 млрд теңге тартылған. Жеке инвестиция мөлшері 136,7 млрд теңгеге жеткен. Жақында ҚХР СУАР Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сунь Хунмэй бастаған Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясы келіп, инвестор болуға ниет білдіріп кетті.

Іске асырылып жатқан келешегі зор жоба қата­рын­да Кербұлақ ауданын­дағы металлургия комбинаты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы (АЭА) «Қазақстан-Қытай халық­аралық өнеркәсіп қала­сы» индустриалды паркі, Жоң­ғар қақпасы аумағындағы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасы сияқты ірі жо­ба­­­лар бар.

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, Жетісу облысы мен ҚХР ара­сындағы тауар айналымы 1,2 млрд долларды құраған. Облыстың сыртқы тауар айналымындағы көрші елдің үлесі 80%-дан асады.

«Өңірдің транзиттік әлеуе­­ті – әріптестік қатынас­та­ры­мыздың болашағы зор  ба­ғы­тының бірі. Қытаймен шекарада бес кеден бекеті орналасқан еліміздегі бірден бір өңірміз. Бізде эко­номикалық екі өсу нүктесі бар – бұл Достық және Қорғас бағыттары», дейді облыс әкімі Б.Исабаев.

Достық бағытын дамыту мақсатында Алматы қа­­ла­сынан «Достық» стансасына дейінгі автомобиль жолына жаңарту жүргізілді. Сондай-ақ биыл осы стансада «Алакөл» автомобиль өткізу пунктін кеңейту аяқталады. Соның нәтижесінде, жолақ­тар саны қосылып, өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1 600-ге дейін артады. «Достық-Мойынты» темір­жол желі­сінің екінші тар­­ма­ғының құрылысы жү­ріп жатыр, бұл «Достық» станса­сының өткізу қабілетін бір­неше есе арттыруға мүм­кіндік береді.

Өз кезегінде Сунь Хунмэй Жетісуға келген екінші сапары екенін атап өтіп, СУАР мен Жетісу облысы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің негізгі ба­ғыт­тарына тоқталды. Бұл орайда ол «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері туралы сөз қозға­ды.

Өңірде шекара маңындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің тиімді жұ­мысы үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өткен Бейбіт Исабаев бірлескен фито-ветеринарлық зертхана құрудың маңыздылығын еске салды. Мұндай зертхана өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау рәсім­дерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тараптар шекара маңы пункт­терінің өткізу қабілетін арттыру мен инфра­құры­лы­­мын жақсарту, «жасыл» энергетика, туристік және мәдени-гуманитарлық бағыттар сала­сындағы екіжақты байланыс­тарды дамыту, сондай-ақ аталған салаларға инвестиция тарту, сауда-экономикалық ын­­ты­­мақтастықтың кең ауқымды мәсе­лелерін талқы­ла­­ды. Кезде­су соңында қа­тысу­­шылар «Қор­ғас» ХШЫО қыз­метін үй­лес­тіру­­дің бір­лескен тетік­терін құру жө­нінде қараша айында бірін­­ші отырысты өткізуге уағ­даласты.

 

Жетісу облысы