• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қыркүйек, 2024

Ұлытауда балабақша есепшісі 15 миллион теңге жымқырған

148 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында балабақша есепшісі өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын қолды қылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анықталғандай, балабақша есепшісі 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллионнан астам теңге аударған.

Сотталушы сотта бұл қылмысқа қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірген.

Айыпталушының кінәсі оның мойындауымен, куәгердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталған.

«Шынайы өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған баланың болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.