Бүгін Жетісу облысында түнгі сағат 01:52-де магнитудасы 2,9 балға дейін жеткен жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Volcanodiscovery.com сайты хабарлаған: «Жетісу облысының маңында, дәлірек айтқанда Шыңжаңның Бөле қаласынан 40 км жерде шағын жер сілкінісі болған. Дүмпулер 10 шақырым тереңдікте болған, осыған байланысты жергілікті тұрғындар жер сілкінісін сезбеген».