• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қыркүйек, 2024

Биыл Астанада тағы 9 жаңа мектеп ашылады

96 рет
көрсетілді

Елордада жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 8 мектеп Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, қалған біреуі жеке мектеп болмақ. 

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, аталған 9 мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. 

«Есіл ауданында 4 мектеп, Нұра ауданында 3 мектеп, Алматы ауданында 2 мектеп ашылады. Қаланы аралау барысында бірқатар оқу орнының құрылысымен таныстым. Бұл мектептердің арқасында үш ауысымды 4 мектептің және тығыздалығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешіледі», деді қала әкімі.

Айта кетейік, қала әкімі 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салынып, пайдалануға берілетінін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар