• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2024

Тасқыннан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді

95 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктемгі су тасқынының салдарынан Қазақстанда республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кетті. Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген.

«Жергілікті маңызы бар жолдар туралы айтатын болсақ, 414 учаскеде бүліну тіркелді. Жергілікті бюджеттер есебінен оның 233-де жұмыс толығымен аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарының қалған бөлігін құрылыс маусымының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», деді министр.