• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Қыркүйек, 2024

Қазақстанда жүрек ауруларын емдейтін жаңа технология сәтті енгізілді

102 рет
көрсетілді

Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып әлемнің жетекші клиникаларында қолданылатын жүрек аритмиясын емдеудің озық әдісі – Farapulse электроимпульсті абляциясын сәтті енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәдімдеуінше UMC жүрек орталығының мамандары енгізген технология қауіпсіз әрі тиімді. Ем-шарадан кейін науқастар екі күнде қалыпқа келеді. Технология сау тіндерге кері әсерін тигізбей, аритмия аймақтарына дәл әсер етеді.

Еуропалық жүрек ассоциациясы қауымдастығының (EHRA) хатшысы, әлемге әйгілі кардиолог, француз клиникасы Clinique Pasteur профессоры Серж Боведа жаңа технологияны қолдану бойынша шеберлік сағатын өткізді.

«Ем-шара аз инвазивті – катетер сан көктамыры арқылы енгізіліп, жүрекке жіберіледі, онда электропорация арқылы ол тек патологиялық тіндерге әсер етеді. Бүкіл процесс бір сағаттан аспайды және пациенттер екі күннен кейін қалыпты жағдайға оралады», деді профессор.

Farapulse технологиясы Қазақстанда ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында алғаш рет енгізілді. Ол пациенттерде жүрекше фибрилляциясы– жүректің жоғарғы камераларының тез және ырғақты емес жиырылуы пайда болған кезде қолданылады. UMC жүрек орталығының мамандары доктор Боведаның жетекшілігімен мастер-класс барысында 8 ем-шара өткізген.

Бұл технология жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарды өлімнен аман алып қалуға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда жыл сайын 1000-ға жуық науқас жүрекше фибрилляциясын емдеуді қажет етеді және мемлекеттік квотаның арқасында олар осы жоғары технологиялық көмекті тегін ала алады», деп атап өтті UMC басқармасының төрағасы Юрий Пя.