• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2024

Шығыстағы руханият мерекесі

149 рет
көрсетілді

Өскеменде ғана емес, Шы­ғыс өңірінде алғаш рет кі­тап фестивалі өтті. Ар­батта өткен шарада қала тұрғындары мен қонақ­та­рына түрлі кітап таныс­тырылды.

Рухани іс-шара Мәдениет бас­қармасының бастамасымен, Пушкин атын­дағы облыстық кітапхананың ұйым­дас­тыруымен жүзеге асты. Мерекеге қаладағы басқа да кітап­ханалар, мұражайлар, театр, кітап дүкендері, білім ұйымдары қолдау көр­сетті. Фестиваль өңірде кітап оқу мә­дениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Кітап фестивалінде мереке қонақтары «Шабыт» жас­тар театры­ның тебіреніске толы қойы­лымын тамашалап, жазушы Жәди Шәкенұлы мен Генадий Пус­септің жаңа шығармаларының, сон­дай-ақ, облыстық ауқымды әдеби жоба – «Абай әлемі» кітаптар топ­тамасының» 2024 жылғы жаңа шыға­рылымының тұсаукесеріне қатысты.  2018-2024 жылдар аралығында «Абай әлемі» кітаптар топтамасымен барлығы 76 389 дана 110 кітап жарық көрді. Биыл 12 ав­тордың шығармасы мен үш жинақ, яғни 15 кітап оқырманға жол тартты.

Түрлі тақырыптық локациялар барлық жастағы келушілерге ме­ре­келік көңіл күй сыйлады. Оқыр­­­мандарға мазмұны мен фор­масы алуан түрлі кітап көр­­ме­лері мен инсталляциялар ұсы­ныл­ды. Облыстық музейлер қорын­дағы жерлес жазушылардың жеке заттарының көрмесі, жерлес жазушылар шығармаларының «QR» көрмесі, жасанды интеллект мүм­кіндіктері пайдаланылған «Шы­ғыс Қазақстанның аңыз-әп­саналары» балалар суреттерінің интерактивті көрмесі көпшіліктің назарын аударды.

Рухани іс-шара биыл 100 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі желісімен түсірілген фильмді тамашалаумен аяқталды.

 

ӨСКЕМЕН