• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Өскелең ұрпаққа өріс кең

330 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «Астана» велоко­ман­дасының бас менеджері Алек­сандр Винокуровты қабыл­дады, деп хабарлады Пре­зиденттің баспасөз қызметі. Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортының даму перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақ­стан­­да велоспортты дамыту жә­не кеңі­нен таныту үшін қажет­ті барлық жағдай жасалып жатқа­нын айтты. – Астанада мүмкіндіктері жағы­нан ең үздіктердің бірі сана­латын «Сарыарқа» респуб­ли­калық вело­трегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүр­ген кәсіби велокоманда құрылды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұр­пақты велосипед спортына бау­лу­дың маңыздылығын да атап өтті. А.Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар, Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамасымен өтетін «Тур Алматы» жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқандығы туралы әңгімеледі. – Велокомандамыз биыл онын­шы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыс­тар­да жеңуге тырысамыз. Еуро­пада елеулі жарыстардың барлы­ғын­да жеңіп, жақсы беделге ие бол­дық, – деді велокоманданың бас менеджері. Кездесу барысында А.Ви­но­куров Мемлекет басшысына былтыр «Тур де Франс» көпкүндік велобәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының майкасын тарту етті.
Соңғы жаңалықтар