• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2015

Петропавлда 200 адам қан тапсырды

336 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 15 маусым.  Дүниежүзілік донор күні облыста қан тапсырушылар қатары көп болды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. Қан құю орталығына алғашқылардың қатарында Гүлнара Зайтдинова жетті.  Ол адам өмірінің арашасы ретінде ширек ғасырға жуық белсене атсалысып келеді. «20 жасымда алғаш рет қан тапсырып едім. Содан бері осы дәстүрден қол үзген жоқпын. Осында жылына 3-4 рет келемін. «Құрметті донор» саналамын», дейді ол. Бұл күні өздерінің азаматтық парыздарына үлкен жауапкершілікпен қараған 5 адамға арнайы сыйлықтар үлестірілді. Солардың бірі қалалық мәслихаттың хатшысы Ләззат Жамұқанова депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер де акцияны белсенді қолдаушылар болып табылатынын жеткізді.  Өзге қан тапсырушыларға да сый-кәделер жасалды. Облыстық қан құю орталығы бас дәрігерінің орынбасары Наталья Солодухинаның айтуынша, былтыр 7,5 мың литр қан жиналса, биыл 10600 литрге жеткізу белгіленген. Алғашқы күні 200 петропавлдық ерікті түрде қан тапсырды. Акция жалғасуда. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz