• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 26 Қыркүйек, 2024

ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

171 рет
көрсетілді

Әділет министрінің бұйрығымен Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева ведомствоның Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шолпан Әбдіреева 1975 жылы Астанада дүниеге келген. «Әділет» Жоғары заң мектебін, Турин университетін (Италия) бітірген. 

Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола қалалық халық сотында бастаған.Әр жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Әділет министрлігінің, Еуразиялық патенттік ұйымның құрылымдарында жұмыс істеген.

2023 жылы — Астана қаласы сотының судьясы.

2023 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры болған.