Алматы-Өскемен тас жолының бойымен жүрген Toyota Estima жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қайтыс болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
«Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Құрметті көлік жүргізушілері, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», деді полицейлер.