Үндістанда діни рәсімді орындау мақсатында өзенге түскен 46 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, рәсімді орындау үшін әйелдер ораза ұстап, балаларының амандығын тілеп, өзенге шомылады екен. Жуырда болған су тасқыны салдарынан өзендерде су толып қалған.
Суға батып кеткен 46 адамның 37-сі - бала, 7-сі - әйел.
Жергілікті билік көз жұмғандардың отбасына 400 мың рупиден беретіні белгілі болды.