• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанада тегін тамақ таратқан дәмхана иесі айыппұл арқалады

84 рет
көрсетілді

Астанада донер тіскебасарына талон таратқан дәмхана иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның хабарлауынша, 25 қыркүйекте дәмхананың ашылуы мен бағасы жеңілдетілген донерлерге арналған талондарды тарату кезінде халық жаппай жиналған.

«Жағдайды реттеу және жанжалдың алдын алу үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері барған», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Талондарды таратқан мекеме иесі 73 840 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетерлігі, желі қолданушыларының айтуынша, талондарды алу үшін оқиға орнына 4 мыңнан астам адам жиналған.

Соңғы жаңалықтар