• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2024

Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен

186 рет
көрсетілді

Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 30 минут бұрын 83 жастағы әжесі жоғалып кеткенін хабарлаған. Зейнеткер пәтерден шығып кеткен.

Қарт адам деменциямен ауыратыны белгілі болды. Оқиға туралы полиция бөлімінің барлық жеке құрамына, патрульдік нарядтарға хабарланды. Жоғалған зейнеткерді іздеуге кинологиялық қызметтің қызметкерлері қатысты. Көп ұзамай полицейлер жаяу жүргіншілер жолында жатқан зейнеткерді тапты. Қызметкерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін туыстарын шақырған.

«Әжемді тез тауып алған патрульдік полиция қызметкерлері мен кинологиялық қызметке алғысымды білдіргім келеді», деді жоғалған адамның туысы.