• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 30 Қыркүйек, 2024

АЭС тұрақты энергиямен жабдықтаудың негізі бола алады - сенатор

91 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Сергей Карплюк Алтынсарин және Федоров аудандарының тұрғындарымен кездесті. Онда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі және АЭС салу жобасына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Кездесуге білім беру және агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерімен қоса түрлі сектордың өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Карплюк жергілікті тұрғындармен тілдесу барысында Қазақстанды тұрақты энергиямен жабдықтаудағы АЭС құрылысының мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндірген. Ол елімізде электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сенатор АЭС құрылысы энергия тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашатынын атап өтті. Бұл әсіресе жас мамандар үшін маңызды екенін айтты.

«Атом электр станциясы болашақ ұрпақты тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге негіз бола алады. Бұл еліміздің экономикалық және энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам», деді Сергей Карплюк.

Жергілікті тұрғындар жобаның қауіпсіздігі мен экологиялық аспектілеріне назар аудара отырып, ұсынылған бастамаларды белсенді түрде талқылаған. Сенатор талқылау барысында АЭС-ті пайдалану қауіпсіздігі мен экологиялық стандарттарға қатысты азаматтарды толғандыратын сұрақтарға толық жауап берген.

Кездесу қорытындысы бойынша көптеген қатысушы жобаға қолдау білдіріп, өңірдің және бүкіл еліміздің экономикалық дамуы үшін оның маңыздылығын атап өтті.