• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 30 Қыркүйек, 2024

Қайрат Тастекеев: АЭС құрылысы ұзақ мерзімді экономикалық пайда әкеледі

94 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясын салу мәселесін талқылады. Кездесуге қатысушылар дамыған елдердің атом энергетикасы саласындағы тәжірибесімен танысып, алдағы референдумның маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Тастекеев атом электр станциясын салу – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қадамы екендігіне назар аударды. Ол атом электр станциясы электр энергиясының тапшылығын азайта отырып, елімізді энергиямен жабдықтауда тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз ететінін, сондай-ақ ұзақ мерзімді экономикалық пайда әкелетінін атап өтті.

Сенатор атом энергетикасын дамыту жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге ықпал ететінін, сондай-ақ отандық ғылым мен білімге оң әсер ететінін атап өтті.

«АЭС салу – бұл жай ғана стратегиялық шешім емес, бұл болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның алдағы жылдарға тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды қадам», деп атап өтті Қайрат Тастекеев.

Кездесу барысында өңірдің экономикалық дамуы және атом энергетикасының ғылымды қажетсінетін технологияларды жедел дамыту жөніндегі мәселелер талқыланды. Республикалық халық штабының мүшелері Қазақстанның әрбір азаматының алдағы референдумға қатысуы елдің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Кездесу белсенді пікірлесу түрінде өтті және онда тұрғындар жобаның қауіпсіздігі мен экологиялық мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Қойылған барлық сұраққа толық жауап берілді.