Щучинскідегі облыстық оңалту орталығында өрт шықты. Құтқарушылар 27 науқасты баспалдақ маршымен эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Өрт үш қабатты ғимараттың екінші қабатындағы қызмет көрсету палатасында болды. Плафонның қысқа тұйықталып, бір шаршы метр алаңда жиһаз өртенді», делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.