• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2024

Елімізде такси қызметіне өзгерістер енгізіледі

96 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс аясында автомобиль көлігі туралы заңға такси қызметі ережелерін өзгертетін түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы Парламент «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңына, оның ішінде такси тасымалдаушылары мен таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар операторларының қызметіне қатысты бірқатар түзету енгізген еді.

Енді жаңа ережеге сәйкес жолаушы тасымалын жергілікті атқарушы органның ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне хабарлама берген жеке тұлғалар жүзеге асыра алады. Сондай-ақ такси тасымалдаушысы жүргізушімен еңбек шартын жасасуға міндетті. Такси тасымалдаушысы өз жұмысын бастағаны туралы хабарлама бергеннен кейін, оның қызметін бақылау таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының операторына жүктеледі.

Бұл түзетулер такси тасымалдаушыларының заң талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.