ҚР Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап етеді», делінген ресми хабарламада.