• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Жұмыс 01 Қазан, 2024

«Еңбек өтілі 374 жыл»: Павлодарлық мұғалімдер әулеті

140 рет
көрсетілді

Молдабековтер әулетінің 374 жылдан асқан педагогикалық өтілі үшінші ұрпаққа жалғасыпты, деп жазады Egemen.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болғандай, аталған ұзтаздар әулетінің әрбір өкілінің еңбек өтілін қосып есептегенде жалпы 374 жылды құрайды екен.

Ұстаздар династиясы Молдабеков Қасен Сәдуақасұлынан бастау алыпты, ол өз қызметін Қарақұдық мектебінде матемитика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін мектеп директоры болған, жұмыс өтілі 42 жылды құраған. Онымен бірге туған қарындасы Мұқашева Күлжамал Сәдуақасқызы, інісі Қасымтай Сәдуақасұлы да білім саласында еңбек етіпті.

Олардың балалары - Алма, Маржан, Мәншүк, Бауыржан, Қайыржан отбасылық дәстүрді жалғастырған. Олар екінші ұрпақ буынындағы педагогтер.

Әулеттің үшінші буыны Қасымтайдың келіндері – Айгүл, Зауреш, Әйгерім, сондай-ақ немерелері Инсар, Әлібек, Айсұлу да мұғалім мамандығын таңдапты.

«Біздің әулетіміз қай уақытта да педагогикамен тығыз байланысты болып келді. Ата-аналарымыз барлық саналы өмірлерін өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге сарп етті, олар оқушыларына білім ғана беріп қоймай, өмірде қажетті құндылықтарды сіңіруге тырысты. Біз кішкентай кезімізден мұны көріп өстік. Енді менің де балаларым отбасында көрген тәрбиенің үлгісінде мұғалімдік жолды өздері таңдады. Бұл біздің отбасылық дәстүр ғана емес, балаларға білім беру, оларды өз балаңдай жақсы көру сезімінің, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің балаларыма берілгені үшін кеудемді мақтаныш кернейді», дейді Қайыржан Молдабеков.