• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 19:07

Қазақстанда ғылымда белгісіз болған өрмекшілер табылды

51 рет
көрсетілді

 

Ғалымдар Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылқұм шөлінен ғылымда белгісіз болған өрмекшінің 2 түрін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

ҚР Зоология институты арахнология зертханасының қызметкерлері табылған өрмекшілерді зерттеп, олардың көбіне түнгі уақытта белсенді, ал күндіз қараңғы жерлерде ұйықтайтынын анықтап,  аңшылар тұқымдасына жатады деген тоқтамға келген. 

«Біздің арахнологтар өрмекшінің 54 түрін тапты. Олардың 27 түрі  Қызылқұм шөлінде бұрыннан тіршілік етеді. Ал 10 түрі Қазақстан аумағында  байқалмаған. Олардың тіршілік ортасы негізінен Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Иран елдері. Өрмекшінің екі түрін ғалымдар бұған дейін кездестірмеген. Сондықтан оларға Anagraphis karamola және Drassodes babenkoi деген атау берілді.  Екі түрі де жерде тіршілік ететін Gnaphosidae тұқымына жатады. Олар көбіне түнде белсенді әрекет етеді, ал күндіз жарықтан таса жерде, тастардың түбінде, өзге жануарлардың інінде, жартастардың арасында жатады», делінген Зоология институтының материалында.