• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:20

ММА шебері Дияр Нұрғожай UFC-де өнер көрсетеді

33 рет
көрсетілді

ММА шебері Дияр Нұрғожайдың әлемдегі ең мықты промоушенге қосылды. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Dana White’s Contender Series турнирінің қорытындысында отандасымыз Дияр Нұрғожай қарсыласы, поляк Бартош Шевчукті алғашқы раундта нокаутқа жіберген еді. Осы турнирдің қорытындысында Дана Уайт  UFC ростеріне қосылған спортшылардың аттарын атап,  қазақстандық спорт шеберіне қош келдің айтты.

Еске салайық, қазіргі таңда UFC-де  еліміздің намысын төрт спортшы қорғап жүр. Олар Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм мен Николай Веретенников. Енді спортшылардың қатарын Дияр Нұрғожай толықтырды.