«Birgemiz: Qamqor» жобасы «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы аясында 2000-ға жуық адамға қамқорлық көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің әр өңіріндегі еріктілер қарт адамдар үшін мәдени және демалыс іс-шараларын өткізіп, әлеуметтік көмек көрсетіп отырады. Бұл қариялардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қоғамға қажеттілігін сезінуге көмектеседі.«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы үш жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыттың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Республика аумағында 8000-нан астам қарт адамға қажетті көмек көрсетілді.Қазіргі таңда жобаға қатысқан еріктілердің жалпы саны 6000-нан асты. Олардың басым бөлігі жастар, студенттер және қарттардың өмірін жақсартуға үлес қосқысы келетін азаматтар. Осындай бастамалардың арқасында өскелең ұрпақ пен қарттар арасындағы байланыс нығайып, өзара көмек пен құрмет мәдениеті қалыптасып келеді.
Айта кетейік, еріктілер қозғалысына кез келген адам қосыла алады. Ол үшін дайындықтан өтуге мүмкіндік беретін онлайн-оқыту модулі құрылды. Бүгінге дейін жоба аясында 3000 ерікті оқытылды.