• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:27

СҚО-да үш спортшыға пәтер берілді

40 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында әлем чемпионаттары, Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір спортшыларының жетістігі облыс үшін маңызды екенін айтты.

«Бұл жетістіктер біз үшін аса маңызды, өйткені біздің облыс спорт тарихында  алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді. Спортшылар мен жаттықтырушыларға жоғары шеберлігі, табандылығы және қайсарлығы үшін алғыс айтамын",  деді облыс әкімі.

Спортшылар Ислам Евлоев, Алтынбек Аусагитов және Наталья Богдановаға пәтер кілттері табыс етілді. Мейіржан Берекетов, Анна Стратан, Сәния Әскер және бапкерлер алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыларға ие болды.