• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:20

Қазақстанда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді

48 рет
көрсетілді

Елімізде тұңғыш рет Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) шеңберінде Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чемпионат Алматы қаласындағы Halyk Arena стадионында өтеді. Еске салайық, Halyk Arena-да халықаралық хоккей біріншіліктері соңғы рет 2017 жылғы Универсиада ойындары шеңберінде өтіп, Қазақстанның хоккей ұжымы күміс жүлде еншілеген еді.

Азия чемпионаты 2024 жылғы қараша айының 6-9 күндері өтеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан құрамасының қарсыластары – Жапония, Корея, Қытай командалары.

Qazsporttv мәліметінше, аталған байрақты бәсеке 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық болып саналады.