Қаланың Юбилейный шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерлердің бірінде жиһаз өртенген.
Өрт сөндірушілер үйлесімді іс-қимылдарымен алау оттың басқа пәтерлерге таралуына жол бермеген.
«ТЖМ құтқарушыларының күшімен баспалдақ маршы арқылы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.
15 шаршы метр аумақты шарпыған өрттен зардап шеккендер жоқ.