Алматы-Өскемен тасжолының 962-шақырымы тұсында, Жаңа Өзен ауылы маңында 80 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, Hyundai автокөлігі аударылып қалған.
Полиция қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жүргізуші мен оның жолаушысы Жарма аудандық ауруханасына жеткізілген.