Петропавлдағы пәтерлердің бірінен 44 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz СҚО полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 қазан күні Петропавл полициясына 44 жастағы әйелдің өз пәтерінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылған.
«ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әйелді өлтірді деген күдікпен 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр.