• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қазан, 2024

Жалған пәтерді жалға берген алаяқтар ұсталды

90 рет
көрсетілді

Астана полицейлері жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқтарды әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша Алматы ауданының жедел қызметкерлері тұрғын үй нарығында жалған жарнама берген алаяқтарды ұстаған.

20 жастағы талдықорғандық жігіт «Крыша KZ» сайтында жалған пәтерлерді жалға беремін деп жарнамалаған. Үй бөлмелерінің әдемі суретін қойып, бағасын да қолжетімді қылған. Жарқырап тұрған жалған пәтерге қызығып хабарласқан адамдардан, алдын ала төлем алып отырған.  Полицияға жүгінген жәбірленушінің айтуынша  пәтерден айрылып қалмау үшін 70 мың теңге аударған. Қазіргі уақытта полицияда осындай 14 жағдай тіркелген.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға көмектесемін деп сан соқтыратын алаяқтар да бар. Олар өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырып, тұрғын үйді кезексіз, жедел алуға жәрдемдесетінін айтады.  Полицейлер осындай схеманы қолданып, 10 адамды алдаған алаяқты қолға түсірді. Ол өзін тұрғын үй қорының қызметкерімін деп  таныстырған.

Тағы бір жағдайда, 42 жастағы әйел Отбасы банктің «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуды ұсынып, адамдарды алдаған. Ол мемлекеттік органдарда көмектесетін адамдары бар екенін айтып, достары мен таныстарын алдаған. Алданған 24 азамат полицияға арыз жазған.

Алаяқтықтың барлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.