Елордалық полицияға құрылыс компаниясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық туралы арызбен жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Арыз иесінің айтуынша, жұмыс істейтін фирмадан белгісіз біреу темір контейнерді ұрлап әкеткен.
Жедел-іздестіру нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 40 тонналық контейнерді жасырын ұрлаған қаланың 50-дегі тұрғынын анықтаған. Аталған компанияда ол бұрын жұмыс істегені және ғимараттың аумағына қалай кіруге болатынын білетіні белгілі болып отыр.
Қылмыстық іс тіркеліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.