• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

Елімізде барлық дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

119 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Елдегі дауыс беру учаскелерінің басым бөлігі сағат 7:00-де жұмысын бастады. Ел азаматтары кешкі сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Ал әскери бөлімдер мен вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердің арнайы жұмыс кестесі мен қызмет көрсетуіне байланысты тағы 84 дауыс беру учаскесі сағат 6:00-де ашылды.