• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

АЭС құрылысы: Сеулдегі отандасымыз бірінші болып дауыс берді

147 рет
көрсетілді

Корея мен Жапония елдерінде дауыс беру учаскелері жұмысын бастап кетті. Алғашқы болып Сеулдегі Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шетелдегі барлық дауыс беру учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. 

Сеулде №390 және Токиода №393 дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды.

Осылайша, Қазақстан азаматы Камила Маутова алғашқылардың бірі болып Корея Республикасында таңдауын жасады.

«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум - қоғамның барлық көзқарастарын ескеру, шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Үкімет әркімнің пікірін тыңдауға тырысады және біз, азаматтар үшін бұл үдеріске белсенді қатысу өте маңызды», деді К.Маутова.